Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

865

Президент сайлауына "Ұлттық альянс" қоғамдық ұйымынан Қарақат Әбден кандидат ретінде ұсынылды.

Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Бүгін елордада Қазақ Швейцариялық Америка колледжі базасында жұмыс істейтін Әлеуметтік қызметкерлер мектебінде "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жиын барысында "Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің алдыға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында және ұлттық деңгейде әлеуметтік әлжуаз топтардың проблемаларын көтеріп, олардың мүддесін қорғау мақсатында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден ұсынылды. 

Қарақат Жақсылыққызы Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, 4 бала тәрбиелеп отыр.

1974 жылы Ақмола облысында туған. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет еткен, соның ішінде Салық комитеті Орталық аппаратында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт. Қызмет еткен.

Астана мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәлімгерінің менторы, тәрбиешісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу