2023 жылы жоба аясында 3300 түп зәйтүн ағашы отырғызылып, бүгінде оның 80% тамыр жайып, бой көтерген, деп жазады inbusiness.kz сайты Маңғыстау әкімдігіне сілтеме жасап.
Зәйтүн ағаштары өңірдегі күрделі климаттық жағдайларға төтеп бере алады.
Мамандардың айтуынша, 2026 жылы ағаштар жемісін береді деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл жобаның негізгі мақсаты ішкі нарықты жоғары сапалы отандық өніммен қамту, сонымен қатар жақын шет елдерге экспорт көлемін арттыру.
Маңғыстау облысы Құрық ауылында отырғызылған зәйтүн алқабын өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай аралады.
Зәйтүн майы мен өзге де қайта өңделген өнімдерді сыртқы нарыққа шығару арқылы аймақтың ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.