Қаракөл қойын өсіру үшін мемлекеттен 35 млн теңге субсидия алды

1298

Қаракөл қойын өсіру үшін мемлекеттен 35 млн теңге субсидия алды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаракөл қой тұқымын көбейту жұмысы қарқынды түрде қолға алынуда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жергілікті шаруалар қаракөл қойынан келер табыстың мол болатынын айтуда. Негізінен қаракөл шаруашылығын шөл және шөлейітті аймақтарда көбейтіп, дамыту қолайлы болып келеді. Сол себепті Арыс ауданының Байырқұм ауылдық округіндегі "Байырқұм-Агро" шаруашылығы қаракөл өсіруді қолға алып, оның санын көбейтуді жоспарлап отыр. 

Жайылымдық жері 4900 га құрайтын шаруашылықта бүгінде 2000 бас қаракөл тұқымы өсірілсе, жыл соңына дейін 20 мың басқа жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде құнды болып есептелетін қаракөлдің терісін Италия еліне экспорттау үшін келісім шарт жасалған. Бұл қойдың терісі нарықта 100 АҚШ долларына бағаланып отыр.  Сондай-ақ қарапайым қойлар 3-4 шақырым жерге жайылса, қаракөл тәулігіне 10-15 шақырымға дейінгі қашықтықта жайыла алады. Судың жоғары минералдануын және ауа температурасының күрт ауытқуын жақсы көтереді. 

"Байырқұм-Агро" шаруашылығында 5 бірлік МТЗ-80 тракторы мен 3 автокөлік бар. Қаракөл қойын дамыту үшін шаруашылық мемлекеттен 35 млн теңге субсидия алған.  Сонымен қатар Созақ ауданындағы "Құмкент" және "Қарақұр" өндiрiстiк кооперативi де осы қаракөл қойын өсiрумен айналысып келеді. Олар өткен жылы қаракөл тоқтысын Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне экспортқа шығарып, тиiмдi бағада сатты. Шетелдiктердiң қой алудағы талаптарынан шыққан кооператив тағы да бiрқатар қаракөл қойын шетелге сатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу