Қарақшылар кәсіпкерді бопсалап, 35 миллион теңге талап еткен

540

Аталған оқиға Ақтөбе қаласында болды.

Қарақшылар кәсіпкерді бопсалап, 35 миллион теңге талап еткен Фото: Облыстық полиция департаменті

Облыстық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі күдіктіні ақшаның бір бөлігін алып жатқан сәттерінде қолға түсірді.  

Олардан бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 миллион теңге, банк карталары, ұялы телефондар мен пышақ тәркіленді. Күдіктілердің бұған дейін Ішкі істер органдарының есебінде тұрғаны белгілі болды.

Қазір "Бопсалау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу