Қарақшылар жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын болды – Мемлекет басшысы

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлеріне алғысын жаудырған еді.  

Қарақшылар жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын болды – Мемлекет басшысы Фото: canva

Президенттің пікірінше, құқық қорғау мекемелері технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллект жүйесін Агенттік қызметіне жаппай енгізу – кезек күттірмейтін аса маңызды міндет. Онсыз тиімді жұмыс болмайтыны анық. Қазір күштік құрылымдар мен қылмыс әлемінің арасындағы күрес технологиялық тұрғыдан мүлде басқа сипатқа ие болды. Қарақшылар, яғни қылмыскерлер жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын болды. Оны сіздер жақсы білесіздер. Құқық қорғау мекемелері, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы заман талабына сай озық болу үшін, ең алдымен, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әрекет ету керегін айтады.

– Құқық қорғау органдары тиянақты, белсенді жұмыс істеп, озық цифрлық шешімдер арқылы елдегі өзгерістердің жедел және сапалы іске асуына септігін тигізуі мүмкін. Бұл ауқымды экономикалық жаңғыру жолына бет бұрған Қазақстан үшін өте маңызды қадам болмақ, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу