Олар абайсызда адам өліміне әкеп соққан қарақшылық шабуыл жасаған (ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы).
Астана қаласында 20 мамыр 2022 жылы кәмелетке толмаған К. және М. азаматша С.-ның сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын, әмиян және ақшасын ұрлап, 18 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
2022 жылдың 25 мамырында түнгі уақытта кәмелетке толмаған К. және М., өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, азамат М.-ға қарақшылық шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, ұялы телефоны мен аяқ киімін ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 50 мың теңгені құрады. Жәбірленуші М. ауыр дене жарақатынан 2022 жылдың 5 маусымында қайтыс болды.
Жәбірленушінің өкілі 30 млн теңге көлемінде азаматтық талап арыз берген.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, беттестіру хаттамаларымен, ұрланған заттарды алу хаттамаларымен және сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен дәлелденген.
Сот үкімімен К. және М. кінәлі деп танылып, ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі 3-бөлігімен 3 жылға, 192-бабының 3-бөлігінің 1-бөлігімен 7 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот олардың әрқайсысына 7 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталғандардан жәбірленуші өкілінің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 1,5 млн теңге өндірілді.
Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету қорынан 20 АЕК жиналды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.