24 мамыр күні Қызылорда облысы ҰҚҚКБ-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғыны құрықталды.
Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу