Қарақұмық шығаратын зауыт құрылысы тоқтады

2147

Аталмыш кәсіпорынды салу үшін 670 млн теңге инвестиция тартылған болатын.

Қарақұмық шығаратын зауыт құрылысы тоқтады

Қостанай облысының әкімдігі Қарабалық ауданына қарасты Тоғызақ ауылында салынып жатқан қарақұмық жармасын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстары тоқтағанын хабарлады. 

"Қазіргі кезде нысан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарыға сай келмейді. Сондықтан құрылысы жұмыстары тоқтатылды", – деп мәлімдеді әкімдікте.  

Бүгінде зауытты салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Тек содан кейін кәсіпорынды салу жұмыстары жалғасуы тиіс. Алайда құрылыстың нақты қашан қайта басталатыны белгісіз. 

Бұған дейін, Қарабалық ауданында өндіріс көлемі 12,4 тоннаны құрайтын зауыт салынатыны белгілі болған. 670 млн теңге инвестиция құйылған кәсіпорын 2019 жылдың екінші жарты жылдығында пайдалануға беріліуге тиіс еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу