Оларды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды. Ал Боралдай кентінде бақилық болған азаматтарға құрмет көрсету рәсімі өтіп, введомоствалық ту төмен түсірілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу