Қарамағындағылардың жемқорлық әрекеті үшін 11 саяси қызметкер отставкаға кетеді

1153

Жемқорлық үшін жауапқа тартылғандардың әрбір төртіншісі мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік мекемелердің басшылары. 

Қарамағындағылардың жемқорлық әрекеті үшін 11 саяси қызметкер отставкаға кетеді

Қарамағындағыларының арасында жемқорлық фактісі орын алғаны үшін 11 саяси қызметкер отставкаға кетуге тиіс, деп мәлімдеді онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.

"Өндірістегі қылмыстық істерді есепке алғанда жуырда 11 мемлекеттік саяси жетекші (айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін) отставкаға кетеді", – деді Нұрлан Жақсымбетов.

Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысының сөзінше, жемқорлық  үшін жауапқа тартылған тұлғалар саны 9%-ға артқан. Оның әр төртіншісі – мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік мекемелердің басшылары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу