Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыпталушы Шыңғыс Белғожаев жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сотталушы "Қаржаубай сізге қандай да бір дене жарақатын салды ма?" деген сауалға "Жоқ" деп жауап берді.
Шыңғыс Белғожаев оқиға болған орын жарық болмады деп отыр.
"Біз бейнежазбадан көргенде прожектор жанып тұр. Адам бейнесін ажыратуға болады. Сіз қалайша Шерзатты ажырата алмадыңыз?", - деп сұрады адвокат.
Айыпталушының сөзінше, ол жәбірленушілерді бірінші рет көрген.
Жәбірленуші тараптың адвокаты "Сіз мылтық алып шыққан адамның қара киімде екенін біліп тұрсыз. Барған кезде қызыл киім киген адамды ұрып жатырсыз. Қалай ажырата алмадыңыз?" деп сұрады.
"Ол жер қараңғы болған. Содан кейін шатастым", - деді сотталушы Белғожаев.
Айта кету керек, осыған дейін айыпталушы Шыңғыс Белғожаевтан жауап алынғанын жазған едік.