Карантин: 2,5 мың жеке кәсіпкер кредит мерзімін өткізіп алды

1509

Қарызды оларға көбінесе екінші деңгейлі банктер ұсынған.

Карантин: 2,5 мың жеке кәсіпкер кредит мерзімін өткізіп алды

Кредит төлеуді уақытша тоқтату бойынша арнайы құжаттағы талапқа сәйкес келетін 2,6 трлн теңге көлемінде қарызы бар 32947 кәсіпкерлік субъекті тіркелді. Мұндай мәліметті Бірінші кредиттік бюроның сараптамалық орталығы зерттеп-зерделеп жариялады.

2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша бұлардың әр түрлі кредиттік ұйымдарда қарыздары болған. Оның 147 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлердің, 365 млрд теңгесі орта бизнестің, 2,1 трлн теңгесі шағын бизнестің мойнында.
Анализ қорытындысы бойынша,  2789 субъект 16 наурыздан бастап кредит мерзімін өткізіп алған. Бұл сараптама жүргізілген сала кәсіпкерлерінің 8,5%. Олардың басым бөлігі – жеке кәсіпкерлер. Яғни 2461 субъект. Шағын бизнес сегментінде 322, орта бизнесте 6 компания кредит төлеуді кешіктіріп жатыр.
ЖК яғни жеке кәсіпкерлер арасында сән салондарының 16,7%, көлік саласының 14,2%, жеке қызмет көрсету, көліктің бөлшектік және көтерме саудасы мен жөндеу, көтерме сауда, сауна, SPA, массаж жасау сегменттерінің әрқайсысының 9-10% банктер алдындағы борышын уақытылы төлей алмай отырғандардың қатарында. Алдағы 12 айда бұлардың 70%-ның қарызды толықтай қайтара алатындай мүмкіндігі бар.

Ескере кететін жайт, қарызды жеке кәсіпкерлерге көбінесе екінші деңгейлі банктер береді. Олардың үлесі 75%. Ал микроқаржы ұйымдарынікі 15% болса, басқа кредит берушілердікі 10%. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу