Карантин әлі де босаңдатылуы мүмкін – Бағдат Қожахметов

829

ДСМ-нің ресми өкілі карантиндік шектеулердің қандай жағдайда жеңілдей түсетінін айтты.

Карантин әлі де босаңдатылуы мүмкін – Бағдат Қожахметов

COVID-19 індетінің жаңа толқыны болып жатса, оған дәрігерлер тас-түйін дайын. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осындай мәлімдеме жасады.

"Коронавирустың екінші немесе үшінші толқыны деп айтпайды оны. Мүкін болатын жаңа толқын деген дұрыс болар. Дайындық қызу жүріп жатыр. Министрлер, барлық басшылар, әкімдер тіпті Премьер-министрдің өзі де қазір өңірлерді аралап жүр. Емханалар, дәрігерлер, жедел көмек көрсететін бригадалар, дәр-дәрмектің бәрі орынды, нақты болуы керек деген іссапармен тексеріп жүр.  Иә, медицина жүйесі болуы мүмкін жаңа толқынға толығымен дайын", – деген ол карантиндік шектеулер қазіргіден де босаңдатылуы мүмкін екенін атады.

"Карантинннің ережелері 17 тамызда және тамыздың аяғына таман екі мәрте  кішкене босатылды. Одан әрі қарай да босатылуы мүмкін. Ол тек қана халықтың, қоғамның санитарлық нормаларды орындағанының нәтижесіне байланысты. Егер біз той жасап, ережелерді бұзып кетсек, қайтадан маусым айында болған дағдарыс қайталануы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе тек қана халықтың, қоғамның қолында боп тұр",– деді ресми өкіл. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу