Карантин басталғалы қандай мамандықтарға сұраныс артқаны белгілі болды

1333

Ірі қалалардағы еңбек нарығына талдау.

Карантин басталғалы қандай мамандықтарға сұраныс артқаны белгілі болды

Елде төтенше жағдай режимі жарияланып, ірі қалаларда карантин енгізілуіне байланысты қандай жұмыс орындарына сұраныс артқанына OLX.kz сервисі талдау жүргізді.

Сервистің мәліметінше, карантин енгізіле салысымен курьер (+146%), жүк тиеуші (+42%) және тауарды буып-түйетін қызметкерлерге (+20%) сұраныс күрт артқанымен, қазіргі кезде оларға деген сұраныс төмендеген. Бұл салаларда қызметкерлер штаты қалыптасып, сұраныс басқа мамандықтарға ауа бастаған.
Қазіргі өмір салтымыздың өзгеруіне байланысты, карантин кезінде офистер мен қоймаларды күзететін күзетшілерге (+3%) сұраныс ұлғайған. Сондай-ақ, алғашқы қажеттілік өнімдері мен бетперделер тігетін тігіншілер (аптасына +4%) де қажет. 
Соңғы кездері электрик (+9%), инженер (+11%), дәнекерлеуші (+7%), сауда агенті, менеджер, мерчандайзер мамандықтарына да сұраныс өскен. Бұған себеп – қала маңындағы елдімекендер мен өңірлерден үлкен қалаларға мамандардың келе алмауы. Сонымен қатар, фармацевтер мен бухгалтерлер де керек. Алайда бухгалтерлерге деген қажеттілік салық есептілігі мен декларацияларды тапсыратын уақыт келгендіктен уақытша ғана болуы мүмкін. 

Сервис талдауына сүйенер болсақ, қазіргі кездегі ең көп сұранысқа ие мамандық – механизатор (ірі азық-түлік сауда орталықтары мен қоймалардағы мини-жүктиегіштердің жүргізушілері). Жұмыс берушілерден механизаторға түскен сұраныс 21%-ды құраған. Бұл да шеткері аймақтар мен өңірлерден үлкен қалаларға адамдардың кіре алмауына байланысты болса керек.

Өңірлер бойынша алып қарағанда, барлық жұмыс орындарының 50%-ы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қаласына тиесілі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу