Карантин басталғалы шағын және орта кәсіп өкілдерінен 40 мыңға жуық өтініш келіп түскен

1224

Бұл туралы бүгін Арманжан Байтасовтың инстаграммдағы тікелей эфирінде "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы мәлімдеді.  

Карантин басталғалы шағын және орта кәсіп өкілдерінен 40 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Карантин басталғалы шағын және орта кәсіп өкілдерінен 40 мыңға жуық өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Atameken Business.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша,  шағымданғандардың тең жартсысы өз қызметкерлерін демалысқа жібергендерін мәлімдесе, 20 пайызы жұмыс орындарын қысқартудан басқа амал таппағандарын хабарлаған. Бүгінде 27 мыңға жуық заңды тұлғаның банкте кредиттері бар болғандықтан, олардың 15 мыңы төтенше жағдай кезінде ай сайынғы төлемнен босатуды сұрапты.  Несие төлеу мерзімін шегеруді сұраған кәсіпкерлердің әзірге 86 пайызының өтініші қанағаттандырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу