Карантин енгізілсе әлеуметтік төлем сомасы өсуі мүмкін

606

Алдын ала болжам бойынша 2025 жылға қарай жұмыс тапшылығы 87 мыңға жетеді. 

Карантин енгізілсе әлеуметтік төлем сомасы өсуі мүмкін

Мәжілістегі Үкімет сағатында  баяндама жасаған Біржан Нұрымбетов осылай деп мәлімдеді. 

"Алдағы 5 жылға талдау жасадық. Жастардың еңбек нарығына қосылатын жыл сайынғы ағыны 2025 жылға қарай 256 мың адамға дейін өседі деп болжануда. Еңбекке қабілетті халықтың саны 12,1 млн адамға жетеді деп күтілуде. Бүгінде еңбекке қабілетті халық саны  11,4 млннан асады. Ал 2025 жылға қарай жұмыс тапшылығы 87 мыңға жетуі мүмкін. Бұл құрылған жұмыс орындары мен еңбекпен қамтылғандар арасындағы айырмашылық. Сондықтан жылына қазіргідей 400 мың емес, 700 мың жұмыс орнын құруымыз керек", – деген министр күшейтілген карантин кезінде төленген 42500 теңге әлеуметтік төлемі тақырыбына тоқталды. 
"Індеттің екінші толқынында жұмыс уақыты қысқарып жатса өтемақы немесе жалақының бір бөлігін ең төменгі айлық  көлемінде субсидиялау жүйесі енгізілуі мүмкін. Ал карантин кезеңінде жұмыссыз қалғандарға төлемдерді арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу