Карантин ережелерін бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

1042

4 адамның үстінен іс қозғалды.  

Карантин ережелерін бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Карантин режимін бұзып, ауруханаға жатудан бас тартқан адамдар болды. Қазіргі кезде олардың төртеуінің үстінен Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 

"Қазір карантин режимін бұзу фактісі бойынша 4 адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 304 - бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Мәселен, Түркістан облысында карантинге жатқызылып, кейін сол ауруханадан қашып кеткен азаматтың үстінен іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус диагнозы расталған азаматша байланыста болған адамдар туралы ақпарат беруден бас тартты. Осылай карантин ережелерін бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу