Карантин мерзімі ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін

1213

Денсаулық министрлігі аралық нәтижені күтіп отыр. 

Карантин мерзімі ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының өршіп кетуінің алдын алу үшін екінші рет жарияланған карантин қанша уақытқа созылатыны туралы сұраққа жауап берді. 

Министрдің мәлімдеуінше, осы жолғы карантин бұған дейінгі карантинге қарағанда жұмсақ әрі жеңіл. Себебі азаматтардың тілегі ескеріліп, карантин талабы бизнес қоғамдастыққа барынша бейімделді. Десекте вирус жұқтырудың күрт өршіп кетуін еңсеруге септігін тигізетін шектеу шаралары қарастырылды. 

"Қазір біз аралық нәтижелерді қарап отырмыз. Оның тиімділігі екінші аптаға қарай немесе нақты бағалау жүргізгеннен кейін белгілі болады. Карантин аяқталғаннан кейін оның ұзартылатыны немесе шаралардың қатаңдатылатыны нақтыланады және жарияланады", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу