Карантин қашан аяқталады?

1010

Мамыр айынан бастап екі көрсеткішке ерекше мән берілуде.

Карантин қашан аяқталады?

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елде карантин шараларын алып тастау үшін қандай талаптар қойылатынын айтты. 

"Науқастардың көбеюіне байланысты, мамыр айынан бастап екі көрсеткішке мән береміз. Яғни, бір адамнан ауру жұқтырғандар санын білдіретін "Р0" инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішіне қараймыз және адамдар қанша төсек-орында жатқаны есепке алады. Карантиннің негізгі мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтатып, ауырғандар санын азайту және денсаулық сақтау жүйесіне артық жүк түсірмеу. Сондай-ақ, қажетті медициналық көмекті әр азамат толықтай алуға тиіс. Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып, карантин шараларын жеңілдетудің үш кезеңі қарастырылады. Үш кезеңде де репродуктивтілік көрсеткіші 1-ден аспауға міндетті. Ал төсек-орынның бос болмауы бірінші кезеңде 70%-дан, екінші кезеңде 50%-дан, үшінші кезеңде 30-%-дан аспауға тиіс", – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, қатаң карантин басталған кезде Р0 көрсеткіші – 1,2, ал төсек-орынның бос болмауы 90 % болған.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу