289 карантиндік нысан мен 5 жұқтыру ошағы күзетке алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбекке сілтеме жасап.
"Халықаралық әуежайларда 19 және теміржол вокзалдарында 14 бақылау пункті орнатылды. Жыл басынан бері шетелден ПТР-анықтамасыз келген 28 мыңнан астам азамат карантинге орналастырылды. Мониторингтік топ 144 мың рейд ұйымдастырды. 22 мың карантинді бұзу фактісінің жолы кесілді. Ойын-сауық мекемелерінің жұмыс тәрбін бұзуға қатысты 8,5 мыңға жуық факті тіркелді, оның 2 мыңға жуығы той өткізуге қатысты болды", – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Қанат Махамбет