Карантин кезінде елордалықтар зейнетақыны үйден алады

1227

Пошта қызметкерлері мен еріктілер зейнетақыны үйді-үйге таратады.

Карантин кезінде елордалықтар зейнетақыны үйден алады

Зейнетақыны пошта бөлімшелерінен қолма-қол ақшалай алып жүрген астаналық зейнеткерлерге карантин кезінде пошташылар мен еріктілер қызмет көрсетеді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн-брифингте айтты.

"25 наурыздан бастап елорда волонтерлары медицина қызметкерлерімен бірлесіп диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізуде. Карантин кезінде "Қазпошта" қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, тиісті зейнетақыны ақшалай алатын азаматтарға үйлеріне жеткіземіз", – деді әкімнің орынбасары.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу