Карантин кезінде қарағандылық еріктілер 700-ден астам акция өткізді

845

Қайырымдылық іс-шараларға 2 000 волонтер жұмылдырылды. 

Карантин кезінде қарағандылық еріктілер 700-ден астам акция өткізді

Қарағанды облысының еріктілері карантин кезеңінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектерге және басқа да аса мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша 778 акция өткізді. Мұны Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

15 наурыздан 6 мамырға дейін 14 663 отбасы немесе 65 700 адам көмек алды. Қайырымдылық іс-шараларға 2 000 волонтер жұмылдырылды.

Өңірде барлығы 106,8 тоннадан астам азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық құралдар мен 44 521 медициналық маска таратылды.

Қайырымдылық акцияларына облыстың шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері қатысты. Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды автоәуесқойлар клубы және жанашыр тұрғындар көмекке келді.

Осы жылдың наурыз айында "Сарыарқа жастары" волонтерлық  штабы құрылған болатын. Штаб ашылған сәттен бастап еріктілер 3 653 адамға қол ұшын созды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу