Кино және театр саласының шығыны 40 млн долларға жетті

1435

Қазақстан кинотеатрлар бірлестігінің өкілі Константин Горожанкиннің айтуынша, ай сайын кинозалдардың иелері 5 млрд теңге жоғалтып отыр.

Кино және театр саласының шығыны 40 млн долларға жетті

Карантин кезінде  кино және театр саласының  шығыны 40 млн долларға жетті.  Бұл туралы Қазақстан кинотеатрлар бірлестігінің өкілі Константин Горожанкин мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Оның айтуынша, ай сайын кинозалдардың иелері 5 млрд теңге жоғалтып отыр. Ал осы салада жұмыс істейтін 5 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған.

Қаперде болса, кинотаетарлар 15 маусымнан бастап жұмыс істеу керек болатын. Алайда, елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты, белгісіз мерзімге  кейінге шегерілді.   

Мамандардың сөзінше, кинотеатрлар ашылуға ұзақ дайындалған. Сатылған бір билеттің маңайындағы 4 орын бірден бұғатталатын жүйе ойлап тапқан. Саладағы тағы проблема – қазір жаңа фильмдер жоқ.  Өйткені, киностудиялардың да жұмысы тоқтап, биылға жоспарланған фильмдер шықпай қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу