Карантин кезінде қылмыс азайды

890

Құқық бұзушылықтардың 27,9%-ы қоғамдық орындарда тіркелген. 

Карантин кезінде қылмыс азайды

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында елде 113,6 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе аз. Құқық бұзушылықтардың 27,9%-ы қоғамдық орындарда, 14%-ы көшелер, саябақтар және алаңдарда жасалған. energyprom.kz мәліметінше, заң бұзушылықтардың төрттен үшіне жуығы жеке меншікке қол сұғу болып отыр. Ел бойынша осындай 83,2 мың іс тіркелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 39,6%-ға аз. 

Сондай-ақ адамдардың жеке басына және халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы жасалған құқық бұзушылық әрекеттер де анықталды.
Аймақтар бойынша бұлтыртпау шараларын қолдану Алматыда көп тіркелген. Қалада 2,1 мың адамға бұлтартпау шаралары қолданылған, дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ға азырақ. Одан кейін Алматы (1,5 мың адам) және Түркістан (1,4 мың адам) облыстары тұр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу