Карантин кезінде медицина қызметтерін ұсынатын 229 кәсіпорын ашылды

1003

Олардың арасында 67 дәріхана бар.  

Карантин кезінде медицина қызметтерін ұсынатын 229 кәсіпорын ашылды

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов карантин кезінде медициналық қызметтерді ұсыну саласында бірқатар кәсіпорын ашылғанын айтты.

"2020 жылдың алты айында медицина және медициналық қызметтерді ұсыну саласында 229 кәсіпорын ашылды. Олардың ішінде 67 дәріхана бар. Ал биылғы жылдың екінші тоқсанында осындай 113 кәсіпорын ашылды. Оның 34-і дәріхана", – деді Шыңғыс Ахметов.

Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры сондай-ақ, бизнестің барлық саласында жабылған кәсіпорындарды да сөз етті.

"Қазір біз қызметін уақытша тоқтатқан кәсіпорындар туралы ғана айтып отырмыз. Олардың мүлдем жабылып қалуы мен банкроттығы туралы мәселе қозғалып отырған жоқ. Бұл жағдайды реттеу үшін салықтық ынталандыру, кәсіпкерлерді қаржыландыру, айналым қаражатын толықтыру, несиелерінің төлем мерзімін кейінге шегеру тәрізді қолдаулар көрсетіліп жатыр. Нақты қанша кәсіпорын жабылғаны жайлы нақты ақпарат карантин біткен кезде белгілі болады", – деді ҰЭМ өкілі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу