Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық күрт көбейген

1501

Үйде де тыныш отырмай, берекетті алушылардың қатары азаймай тұр.  

Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық күрт көбейген

Әсіресе, карантин кесірі ерлі-зайыптыларға қатты әсер етіп жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Дәм-тұзы жараспай қалған жұптардың тым көбейіп кеткеніне психологтар алаңдаулы. Мамандарға төтенше жағдай жарияланғалы, екі мегаполистің ерлі-зайыптылары 200 рет қоңырау шалған көрінеді. Ең қиыны, үйінен қаңғып кеткен 5 әйел мен 10 бала дағдарыс орталығына жатқызылыпты. "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік себеп", – дейді психологтар. 

Салыстырмалы түрде айтсам, карантинге дейінгі айда 150 адам хабарласқан, соңғы 2 аптаның өзінде көрсеткіш 200-ге бір-ақ көтеріліпті. Нақты қандай мәселелермен хабарласады? Дағдарыс орталығының мамандары қандай көмек бере алады? Осы сұрақтарды сала маманына қойып көрсек. Бізбен скайп арқылы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының психологы Салтанат Маусейітова байланысқа шығып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу