Жасөсіпірімдердің карантин кезінде инетернетке кіріптар болғанын пайдаланып, күмәнді қауымдастықтарға тартушылар көбейген. Қазақстан Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров осылай деп мәлімдеді.
"Карантин мен пандемия балаларды ғана емес, бәріміз онлайн коммуникацияға кіріптар етті. Пандемия кезінде біз ата-аналардан балаларына қарсы жекелеу, мазақ қылу, қоқан лоққы жасау сияқты жағымсыз әрекеттер жасалғаны туралы шағымдар көп алатын болдық. Ондай шағымдар қазір де түсіп жатыр. Карантин кезінде қазақстандық жасөспірімдерді ЛБГТ-қауымдастықтардың тобына тарту көбейгеніне назарымыз ауды. ЛГБТ-қауымдастықта тұрған ештеңе жоқ деуге де болатын шығар. Бірақ балаларды, жасөспірімдерді мұндай істерге араластыруға болмайды", – деді Шавкат Сабыров.
Есжан Ботақара