Карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылған

1143

Тек арнайы қызмет өкілдеріне ғана рұқсат бар.  

Карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылған

Карантин кезінде жеке авто көлікпен жүруге шектеу қойылған, деп хабарлады Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов. 

"Карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылды. Тек дәрігерлер, коммуналдық қызмет, құқық қорғау органдары мен азық-түлік тасымалдайтын мекемелер ғана көлікпен жүре алады. Ал өзге адамдарға тыйым салынған", – деді Ерлан Қожағапанов. 

Бұл ретте шаһар басшысының бірінші орынбасары жеке көлікпен азық-түлікке баруға рұқсат берілгенін атап өтті. 

"Шаһар басшысының орынбасары жеке көлікпен азық-түлікке баруға рұқсат бар. Алайда оны полицияға түсіндіру керексіз. Әрине, біреудің жақын маңдағы дүкенде жоқ кофені ішкісі келеді. Тағы біреудің басқа сусабын алғысы келеді. Әйтсе де шыдамды болу керек. Аз уақыт үйде отырып, шыдай тұруымыз қажет. Сонымен қатар алыстағы қарт туыстарына азық-түлік жеткізіп берем деушілерге тек бір ғана мүмкіндік беріледі. Сол кезде азық-түлікті жеткілікті көлемде апару керек немесе сол адамды үйіңізге алып келіп бірге болыңыздар", – деді Ерлан Қожағапанов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу