Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілетін кәсіпорындар тізімі әзірленеді

1181

Жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады. 

Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілетін кәсіпорындар тізімі әзірленеді

"13 сәуір күні Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Төтенше жағлайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Отырыста жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады. Кәсіпорындар қызметі біртіндеп жанданады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады", – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Карантин режимі кезінде қоғамдық-көпшілік орындар жабық күйінде қала береді.

"Көпшілік жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен кафелер жабық күйінде қала береді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер де  жүрмейді", – дейді қала әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.

Карантин режимінің өзгеруі туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында шығады

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, төтенше жағдай мен карантин режимін сәуірдің соңына дейін ұзартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу