Карантин: Киевтегі кәсіпкерлер ереуілге шықты

711

Олар биліктен жұмыс істеуге рұқсат беруін талап етуде.

Карантин: Киевтегі кәсіпкерлер ереуілге шықты Фото: ria.ru

Украина астанасы Киев қаласының орталығында шағын және орта бизнес өкілдері наразылық шарасын өткізіп жатыр. Олар жергілікті биліктен карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат етуін талап етуде. Өткен аптада да кәсіпкерлер министрлер кабинеті ғимаратының алдында бас көтерген болатын. Ереуілшілер карантин кезінде шағын және орта бизнестің жұмысын тоқтатуға болмайды дегенді алға тартып отыр. Оқиға орнына құқық қорғаушылар жұмылдырылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

Еске сала кетсек, 12 наурызда Украина үкіметі пандемияға байланысты бір айға жалпыұлттық карантин жариялаған болатын. Кейін оның мерзімі 22 мамырға дейін ұзартылды. Бірақ билік 11 мамырдан бастап шектеу шараларын ақырындап қысқарта бастады. 

Соңғы мәліметке сүйенсек, Украинада вирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асып, оның 327-сі қаза тапқан. Ал әлем бойынша науқастардың саны 3,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 243 мыңға жеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу