Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға тіркеудегі тұрғындар кіре алады

970

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 33-ке жетті, оның  15-сі Алматыда, 18-і елордада тіркелген.  

Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға тіркеудегі тұрғындар кіре алады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Денсаулық сақтау органдары мен Қорғаныс министрлігі блокпосттар арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының периметрі бойынша көлік құралдарының кіруі мен шығуын және азаматтардың қозғалысын шектейді. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды", – деді министр "Хабар 24" телеарнасындағы үндеуде.

Оның айтуынша, бұл тыйым тұтыну тауарларын жеткізетін көліктерге жүрмейді.

Сондай-ақ, министр жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті және азаматтардан карантин кезінде түсіністік танытуға шақырды.

Бұған дейін ведомство басшысы 8 мыңнан астам полицейдің қоғамдық тәртіпті сақтауға шығарылғанын, оларға еңбек демалысын беруге, қызмет бабынан тыс сапарлауға тыйым салынғанын хабарлаған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу