Карантин режимін бұзған Ернар Айдар жауапқа тартылды

1976

Әнші төтенше жағдай кезінде 12 адаммен бірге ұтыс ойынын өткізген.

Карантин режимін бұзған Ернар Айдар жауапқа тартылды

Карантин кезінде 12 адаммен жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан танымал әнші Ернар Айдар тұтқындалды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. 

"Тұтқындауды экономикалық тергеу қызметінің мамандары жүргізді. Іс осы бөлімшеде қаралады. Полиция өзінің юрисдикциясына сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Полиция төтенше және карантин  режимдерін бұзу әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін ескертеді. Тәртіп сақтамағандарға 10 АЕК айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Құралай Құдайберген

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу