Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады – Нұр-Сұлтан әкімдігі

720

Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. 

Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады – Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтанға кіру шектелген. Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ, олардың жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз хатшысы хабарлады.

"Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді",– деп жазды Ақмарал Олжабаева әлеуметтік желіде.

Әкімдіктің ресми өкілі қалаға азық-түлік өнімдері еш кедергісіз жеткізілуде екенін атап өтті.

"11 мамырда Төтенше жағдай режимі алынды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Қала аумағы бойынша орналасқан барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Карантин режимін бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылады", деп нақтылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу