Карантин режимінің сақталуын цифрлық технологиялар қамтамасыз етеді

458

Жоба сынақ режимінде іске қосылды. 

Карантин режимінің сақталуын цифрлық технологиялар қамтамасыз етеді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көліктерде "ақылды" камералар іске қосылғанын мәлімдеді. Олар бетперде тақпаған жолаушылар мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауын анықтайды. 

"Бұл қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба. "Ақылды" камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс тақпаған. Тестілеу жалғасады", – деді шаһар басшысы. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу