Карантин: Риелторлық компаниялар қалай жұмыс істейді?

1278

2 метр ара қашықтық, медициналық маска, медициналық оқшаулағыш.

Карантин: Риелторлық компаниялар қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен караннтиндік режимді жеңілдетудің екінші кезеңінде қаржы және консалтинг ұйымдарының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі аясында Нұр-Сұлтанда бірқатар ұйымның жұмысы жанданады. Біріншіден, қаржылық сақтандыру саласының екінші деңгейлі бакнтері, мироқаржылық ұйымдар, сақтандыру компаниялары жұмысын жандандыру үшін сантиарлық-экпидемологиялық талаптарды сақтауы керек. Олардың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болуға тиіс. Ұйым басшылары жұмысшыларды орталықтандырылған тасымалмен қамтып, үйден жұмысқа және жұмыстан үйге жеткізуді ұйымдастыруы керек. Нысан ғимаратында оқшаулағышы бар медициналық бекет болуы міндетті. Медициналық маман әр ауысым сайын жұмысшыларды тексеріспен кіргізіп, шығарып отырады", – деген әкімдік өкілі ғимарат ішіндегі адамдардың ара қашықтығы арнайы сызықтармен реттелтінін жеткізді.

"Кассалық аймақ пен күту алаңдарында келушілер арасындағы қашықтық екі метрлік сызықтар арқылы сақталады. Карантиндік шектеулерді жеңілдетудің бірінші кезеңінде бұл жұмыстар ұйымдастырылған. Енді қаржы секторының барлық ұйымдарына бұл талап ортақ болып отыр. Риелторлық компаниялар мен жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі консалтингтік қызмет агенттіктерінің жұмысына да рұқсат берілді. Бұл санатқа кіретін ұйымдар алдын ала жазылу арқылы адам қабылдауы керек. Барынша құжаттарды клиенттің үйіне жеткізу ұйымдастырылуы керек. Егер құжатты ұйым ғимаратында рәсімдеу міндетті болған жағдайда ғимарат ішіндегі клиенттер саны 2-ден аспауы керек. Клиенттер медициналық маска тағуға міндетті. Клиент пен ұйым қызметкерінің арасында 2 метр қашықтық сақталады. Персонал мен клиенттің тікелей байланысын барынша болдырмаған жөн", – деді Бақтияр Мәкен.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу