Карантин салдарынан мейрамхана мен асханалардың 30%-ы жабылуы мүмкін

1022

Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынының жартысын да жаппайды. 

Карантин салдарынан мейрамхана мен асханалардың 30%-ы жабылуы мүмкін

Карантин кесірінен елдегі мейрамханалар мен асханалардың үштен бірі жабылып қалуы мүмкін.  Бұл туралы Қазақстан  рестораторлар қауымдастығының президенті Гүлнәр Қатыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Маманның айтуынша, кейбір мекемелердің карантинде жұмыс істеуге рұқсаты болмаса да, ашық тұр. Қазірдің өзінде тамақтану және көңіл көтеру орындарының 30 пайызы заңсыз жұмыс істеуде. Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынның жартысын да жаппайды. Бұрын олар тауар айналымының 70 пайызын ғана көрсетсе, қазір бұл да болмауы мүмкін. Яғни, асханалардың көпшілігі не жабылады, немесе көлеңкелі нарыққа кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу