Карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шықты

1100

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы шықты. 

Карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шықты

Қаулы Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин жариялаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету кезінде, эпидемиологиялық ошақта тергеп-тексеру жүргізгенде, науқастар мен олармен байланыста болған адамдардан сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады. 

Құжатта қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдалануға да тыйым салынғаны туралы айтылды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарында, сәбилер мен балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат тектес оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілуі керек. 

Ал жетім балаларды асырап алған азаматтар қамқоршылықты бекітуге бару үшін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжат болуы қажет және бұл анықтама үш тәуліктен аспаған болуы тиіс.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу