Карантин талабы күшейсе қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін?

926

Оның болжамынша, 4,1 млн адам қашықтан жұмыс істеуі ықтимал.  

Карантин талабы күшейсе қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін?

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин елімізде карантин талабы күшейсе, қанша қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол бұл жағдайға қатысты зерттеу жүргізілгенін жеткізді.

"Мұндағы мәселе карантин талабының күшеюіне байланысты. (Карантин енгізілсе – автор) бүгінде жұмыс істеп жүрген 8,7 млн адамның 4,1 млн адамы жұмыс орнын сақтайды. Бұл тұрғын үй шаруашылығы, медицина қызметкерлері, дәрігерлер, маңызды өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығының мамандары", - деді Ерболат Абулхатин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары 2,5 млн адам қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі ықтимал екенін айтты.

"Бұл офисте жұмыс істейтіндер және тағы басқа саланың қызметкерлері. Осылайша, қауіп аймағында 2 млн адам қалады. Алайда мұнда нақты жағдайды ескеру керек. Бұл қызмет көрсету, сауда, көлік саласында жүргендерге қатысты. Біз мамандарды біліктілігіне, еңбек дағдысына қарай бөлдік. Есебімізше, карантин күшейген жағдайда 165 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу