Карантин талабын бұзған ақтөбеліктерге 3,6 млн теңге айыппұл салынған

752

Өңірде 4 мыңнан аса кәсіпкер "Ashyq" жобасын пайдаланады.

Карантин талабын бұзған ақтөбеліктерге 3,6 млн теңге айыппұл салынған

Ақтөбе облысында карантин талабын бұзған тұрғындарға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде 4060 кәсіпкер "Ashyq" жобасына қатысуға өтінім берген, әрі барлығы QR-код алған. Сондай-ақ 153 қатысушы "көшбасшы" мәртебесіне ие болды.

Бағдарлама енгізілгеннен бері облыста "сары" мәртебесі бар 240 адам, "қызыл" мәртебесі бар 328 адам анықталған.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының бас санитар дәрігері "сары" мәртебесі бар 100 адамға қаулы шығарды.

"Қызыл" мәртебесі бар 82 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 3 млн 631 мың 665 теңге көлемінде айыппұл салынған", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу