Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңге айыппұл салынған

720

Онлайн брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осылай деп мәлімдеді.  

Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңге айыппұл салынған

Оның сөзінше 17 тамыздан бері мониторингтік топтар 60 375 тексеріс жүргізіп, жалпы саны 267 866 нысанды қамтыған. Оның ішінде 20 504 нысанда карантин талаптарын сақталмаған. Салдарынан 19 406 нысанға әкімшілік айыппұл салынған. 

Антирекорд орнатқан өңірлер көшін Түркістан облысы (3603 жағдай) бастайды. Одан кейінгі орындарда Алматы - 3235, Қостанай - 1826, Шығыс Қазақстан - 1716 облыстары мен Алматы –1708 және Нұр-Сұлтан – 1471 қалалары тұр.

"Аталған кезеңге Әкімшілік кодекстің 425 бабы бойынша 11285 тұлғаға жалпы сомасы 1,1 млрд теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 6912 жеке тұлғаға жалпы сомасы 296,3 млн теңге айыппұл жүктелді. Оның дені қоғамдық орындар мен ғимараттарда бетперде тағу режимін бұзу үшін", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу