Карантин талаптарын бұзғандарға 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынған

763

Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда.  

Карантин талаптарын бұзғандарға 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынған Фото: inbusiness.kz

2021 жылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топ 80 352 рейд жүргізіп, 500 646 нысанды тексерген. Нәтижесінде 14 475 бұзушылық анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологилық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Карантин талаптарын бұзушылық ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысында (962) жиі тіркеліпті.

​Тексерулер кезінде қызметіне тыйым салынса да жұмыс істеу, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу сынды бұзушылықтар көп анықталған.

​"Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды. 8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды",– дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу