Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салу керек пе?

1036

Бұл сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен сұхбатта Республикалық арнайы мониторинг топ төрағасының орынбасары, Қазастанның балалар үйі түлектері қауымдастығының президенті Рафаель Гасанов жауап берді.

Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салу керек пе?

"Мобильді топтар көшеде бетпердесіз жүрген азаматтарға, кәсіпкерлерге Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес 40 мың теңгеден артық айыппұл салады. Меніңше, халықты жазалаудан бұрын превенцияға жұмыс істеу керек. Адамдарға алдымен түсіндірген абзал, жөнсіз айыппұл салына бермеу керек. Халық салық төлеп отыр. Сол салықтан олар (әкімдік қызметкерлері) айлық алады. Яғни, халыққа айыппұл сала бермей, жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын күшейткен жөн. Алдымен түсініктеме жаздыру керек, болмаса бір рет ескерту жасаған дұрыс, айыппұл салу мәселені шешпейді", - дейді Рафаель Гасанов.

Сонымен қарат ол бұл ойға кәсіпкерлер мен қалың көпшіліктің пікірін білгеннен кейін келгенін жеткізді. 

"Тәртіп бұзған азамат сол мемлекеттік қызметшінің өзіне де арыз жазуы мүмкін. Осы кезде араға қоғам өкілдері кіруі керек. Бәріміз адамбыз ғой. Солай емес пе? Бұл мәселенің кемшіліктері де, артықшылықтары да бар. Жазалау әдісіне салсақ, барлығына айыппұл салайық. Бұл ақымақтық болар еді. Оның үстіне бұл айыппұлдарды қайда жұмсап жатырмыз, ол да белгісіз", - деді Республикалық арнайы мониторинг топ төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу