Карантин талаптарын пысқырмаған судья жазаланады

971

Шектеуге шекесінен қарап, карантин талаптарын өрескел бұзған қарағандылық судья да жазаға тартылатын болды, деп хабарлайды Atameken Business.      

Карантин талаптарын пысқырмаған судья жазаланады

Бірақ бас санитар Қиясов нақты қандай шаралардың қолданылатынын ашып айтпады.  Еске салайын, жуырда фемида өкілінің той тойлап жүрген видеосы әлеуметтік желіде шу болған еді.  Құзырлы орган өкілдерін Қарағанды облыстық сотының судьясы қарсы алған. Той ұйымдастырып, соның үстінде ұсталғанына қарамастан Естай Исабеков емес, оның ағасы жазаланды. Бірақ, жауапкершілікті өзгеге арқалатып қойған судья да оңай құтылып кетпесі анық.

Бірінші наурыздан бастап елімізде карантин талаптары  жеңілдейді. Бірақ, той тойлауға әлі рұқсат жоқ. Есесіне енді хоккей, футбол сияқты спорттық жарыстар көрермендермен өтпек.  Оған қоса, бильярд ойнауға да рұқсат беріледі. Көктемнің бірінші күні цирктер де есіктерін айқара ашады. Бұл өзгерістің барлығы коронавирустың таралу қарқыны төмен жасыл аймақтарға қатысты. Бүгінде еліміздің 11 облысы осы қатарда.  Ал қалған төртеуі  яғни Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Павлодар облыстары сары аймақта. Әзірге жағдай тұрақсыз. Десе де, аталған өңірлердегі сауда ойын сауық орталықтары мен базарларға жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат берілмек. Боуллинг, компьютер клубтарына, фитнес пен бассейнге баруға шектеу қойылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу