Карантин тәртібін бұзу көрсеткіші 47%-ға артты

768

Маска режимін сақтамағаны үшін 1130 адам жазаланды. 

Карантин тәртібін бұзу көрсеткіші 47%-ға артты Фото: Максим Морозов

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмыта бастағанын баяндады. 

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуымен бірге халықтың сақтығы әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз. Маска тағу мен әлеуметтік қашықтық режимі сақтала бермейді. Осының салдары елде коронавирус жұқтырған азаматтардың санының артып, карантин шараларын күшейтуге алып келуі мүмкін. Қазір мұндай жағдайды бірқатар мемлекеттен көріп отырмыз", – деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, осыған дейін өңірлерде жүргізілген рейд барысында карантин тәртібін бұзу көрсеткіші 34%-дан 47%-ға артқаны анықталған. 

"Карантин тәртібін бұзу жағдайы 10 өңірде байқалды. 5-27 қыркүйек аралығында маска режимін сақтамағаны үшін 1130 адам жазаланды. Осыған байланысты аймақ басшылары нысандарда маска режимінің сақталуын қадағалап, елге түсіндіру жұмыстарын күшейтсе дейміз", –  деді Денсаулық сақтау министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу