Кеше үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссиясының отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді. Бүгін осыған қатысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеме жасады.
Ол карантин кезінде 1,3 млн адам жұмыссыз отырғанын жариялады.
"Осы күнге дейін 830 мың бизнес нысаны жұмыс істемеді. Шамамен 1,3 млн адам жұмыссыз отырды. Қабылданған шараларға байланысты 17 тамыздан бастап көптеген бизнес түрлері қызметіне кірісуге мүмкіндік алды", – деді Эльдар Жұмағазиев.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу