Карантинде той жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

1063

Бастапқыда 83 мың теңге айыппұл салынады.  

Карантинде той жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

Оның сөзінше әлі де мұндай оқиғалар орын алуда. Министр жағдайдың ауырлығына байланысты жаза да қатаңдай түсетінін ескертті.

"Мұндай жағдайда Заңға сәйкес бастапқыда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай артады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін", - деді Марат Бекетаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу