Карантинде той жасалып, ас беріліп жатыр

736

Полиция бөлімшесіне 605 адам жеткізілді. 

Карантинде той жасалып, ас беріліп жатыр

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин режимін өрескел бұзу фактілері көбейіп кеткенін мәлімдеді. 

"Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында полиция қызметкерлері карантин режимінің өрескел бұзылуының 15 мың жағдайын, оның ішінде той мен еске алу шараларының өтіп жатқанын, демалыс орындарының жұмыс істеп тұрғанын анықтады", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, дәрі-дәрмек пен медикаменттердің заңсыз сатылуының 933 фактісі тіркелген.

"Заңсыз айналымнан 98 мың медициналық аппарат қаптамасы, жарты миллион маска, 41 мың дана медициналық қолғап пен басқа да медициналық бұйымдар тәркіленді. Полиция бөлімшесіне 605 адам жеткізілді. Оның 349-ы – медицина саласының қызметкерлері болды", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу