Карантинді бұзған британиялықтар сотталады

849

Билік коронавирустың жаңа штамдарының елге енуіне тосқауыл қоймақ.

Карантинді бұзған британиялықтар сотталады

Британия азаматтары Португалияға немесе індет өршіп тұрған басқа елдерге саяхаттағаны үшін он жылға сотталады немесе 13000 доллар көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.

Билік осылайша коронавирустың жаңа штамдарының елге енуіне тосқауыл қоймақ. Келесі аптадан бастап үкімет карантин шараларын қатаңдатуды көздеп отыр. 

"Кімде-кім "қызыл тізімдегі" елдерге барғанын жасыратын болса, он шақты жылға бас бостандығынан айырылады", – деді Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок.

Ескере кететін жайт, Британия азаматтарына 33 елге баруға тыйым салынған. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік және Орталық Африкадағы бірқатар ел, Аргентина, Перу, Чили және Бразилия бар. Белгілі себеппен сапарға шығуы тиіс адам елге оралмай тұрып коронавирусты анықтайтын тесттен өтуі керек. Елге келген бойда да осы рәсімді жасауға тиіс. Ережені бұзған адамға 2000 фунт көлемінде айыппұл салынады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: usnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу