Жаңа Зеландияның денсаулық сақтау министрі Дэвид Кларк коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде оқшаулану режимін бұзғаны үшін отставкаға кетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
"Дэвидтің ойынша, оның бұл қызметте қалуы коронавирусқа қарсы күрес жолында қабылданған шаралар мен денсаулық сақтау саласында реформалардан халықтың назарын аударып отыр", – дейді елдің премьер-министрі.
19 қыркүйекке белгіленген парламенттік сайлауға дейін оның орнына, яғни денсаулық сақтау министрі болып қазіргі білім беру министрі Крис Хипкинз қызмет етеді.
Еске сала кетейік, Кларк 25 наурызда жарияланған карантин уақытында екі мәрте оқшаулану режимін бұзған: саябақта велосипедпен қыдырған, отбасымен жағажайда серуен ұйымдастырған.
9 маусымда Жаңа Зеландия наурыз айында енгізілген барлық эпидемиологиялық шараларды алып тастады.
Табиғат Нұрболат
Фото: bbc.com