Карантинді ұзарту туралы айтуға әлі ерте – Дәурен Абаев

921

Министр карантиндік шектеудің мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді.

Карантинді ұзарту туралы айтуға әлі ерте – Дәурен Абаев Фото: Максим Морозов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, карантиндік шектеулерді тоқтатуға әлі ерте. Бұл туралы ол кезекті онлайн брифингте айтты.

"Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім 2 апта бұрын эпидемиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Кеше айтылған барлық шаралар – жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасының нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қордан жиналған қаражат бар", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу